Жаңалықтар

FlyArystan Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстерді 2026 жылғы жазғы маусымда жалғастырады

Баспасөз релиздері
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылғы жазғы маусымда Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды жалғастырады.

Аталған бағыт 2025 жылғы 29 қарашада ашылған болатын және бастапқыда 2026 жылғы 24 наурызға дейін орындалады деп жоспарланған. Жолаушылар тарапынан тұрақты сұраныс пен жоғары қызығушылыққа байланысты әуекомпания рейстерді жазғы кезеңге ұзарту туралы шешім қабылдады.

Рейстер 2026 жылғы 31 наурыз бен 24 қазан аралығында аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ақтаудан ұшу уақыты сейсенбі күндері сағат 09:05-те, сенбі күндері сағат 09:25-те жоспарланған, ал Дубайдан кері рейстер жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де орындалады. Кесте жолаушыларға сапарды ыңғайлы жоспарлап, ұшуға дейінгі рәсімдерден жайлы өтуге мүмкіндік береді.

«Стандарт» тарифі бойынша әуебилеттерінің құны бір бағытқа 58 000 теңгеден басталады.

Атырау қаласындағы жолаушылар үшін Атырау – Дубай бағыты сенбі күндері Ақтау арқылы ыңғайлы түйісумен қолжетімді – түйісу уақыты шамамен екі сағатты құрайды. Сонымен қатар Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Астана және Орал қалаларының тұрғындары да Дубайға сапарды жалғастыру үшін FlyArystan рейстерімен Ақтауға ұша алады.

Қазақстан мен БАӘ арасында визасыз режим қолданылады. Сапарды жоспарлау кезінде жолаушыларға барлық қажетті құжаттардың, соның ішінде шығу күні расталған кері билеттің бар екеніне алдын ала көз жеткізу ұсынылады.

Әуебилеттерін FlyArystan мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com ресми сайты, сондай-ақ басқа да сату арналары арқылы брондауға болады. Сондай-ақ әуекомпания қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеуді ұсынады – бұл сапарға дайындалу уақытын үнемдеуге және саяхатты барынша жайлы етуге мүмкіндік береді.