Блог КАЗ
Баспасөз релиздері

FlyArystan қысқы сатылым өткізетінін жариялайды

FlyArystan әуекомпаниясы қазақстандықтарды кезекті сатылыммен қуантуда және бүгін 2025 жылдың бастапқы айларындағы рейстерге сатылымды барынша жеңілдіктермен ашты.

Қазақстандық лоукостердің әуебилеттерге арналған науқаны тура бір тәулік – 16 қазан сағат 15:00-ден 2024 жылғы 17 қазан сағат 14:59-ға дейін жалғасады. Ол Қазақстан бойынша ішкі бағыттармен қатар, халықаралық рейстерге де қолданылады.

Қазақстан бойынша билеттердің бағасы 6 000 теңгеден басталады. Халықаралық рейстерге билеттердің құны жеңілдікпен 25 000 теңгеден басталады.

Жеңілдік билеттері 2025 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылдың 29 наурызы аралығындағы рейстерге қолжетімді. Билет бағасына борттағы кездейсоқ орын және 5 кг-ға дейінгі бір қолжүгі (өлшемі 56 x 23 X 36 см) кіреді. Басқа қосымша қызметтерді тасымалдаушы алдын-ала сатып алуды ұсынады.

Науқан аясындағы билеттер саны шектеулі. Билеттерді ең қолайлы бағамен FlyArystan мобильді қосымшасы немесе www.flyarystan.com сайтынан, сондай-ақ басқа қолжетімді сату арналарының барлығынан сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan әуекомпаниясының барлық рейстері жақында халықаралық әуе көлігі қауымдастығы IATA берген жаңа FS кодымен (бұрынғы KC орнына) орындалады.